АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XVІI Президенттік олимпиаданың қорытындысы туралы

27.11.2024

2024 жылдың 19-22 қараша аралығында Астана қаласында республиканың білім беру ұйымдарының 11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша ХVІІ Президенттік олимпиада өтті. Зияткерлік олимпиадаға республиканың барлық өңірлерінен 190 оқушы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, одан әрі интеллектуалды даму және кәсіби бағдар беру.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.

Қорытынды кезеңге іріктеу кезеңінен сәтті өткен Ақмола облысының 6 оқушысы қатысты:

1. Базарбай Нұрдәулет - Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 11-сынып оқушысы;

2.Темиржанов Мирас – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

3.Абдулла Нұрай – Целиноград ауданы, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің11-сынып оқушысы;

4.Михонь Артём Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

5.Ыбрайым Қарақат - Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;

6.Қабдуахит Нұрасыл – Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Темиржанов Мирас марапатталды.

Грамотамен Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Базарбай Нұрдәулет марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст