АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың ІІ турының (облыстық) қорытындысы

27.11.2024

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың 2 турын (облыстық) 2024 жылғы 20 қараша күні өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға математика және тілдер (қазақ, орыс және ағылшын) бойынша жақсы меңгерген оқушылар қатысты.

Облыстық кезеңге 6 аудандар, Қосшы, Көкшетау қалалары және 4 мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 24 жуық оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:

І-дәрежелі дипломмен - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Қуан Арсен;

ІІ-дәрежелі дипломмен - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Сейтбаттал Темірлан марапатталды.

Ақмола облысының намысын 2024 жылғы 17 желтоқсанда өтетін үшінші турда (республикалық) Қуан Арсен және Сейтбаттал Темірлан қорғайды.

Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы кезеңде жеңіс тілейміз!!!

Просмотров: 937


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст