2018 жылдың 16-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» V республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауы өтті.
Байқауға облыстың Ақкөл, Целиноград ауданынан 6 оқушы қатысты.
1) Назиев Алишер - Ақкөл ауданы, Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің 9- сынып оқушысы;
2) Жарқынбек Бағыдат – Ақкөл ауданы, Кеңес орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
3) Бекеш Алия - Ақкөл ауданы, Минск орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
4) Жүніс Жұлдыз – Ақкөл ауданы, Кирдищев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
5) Азатбек Армангүл - Ақкөл ауданы, Өрнек орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
6) Тұрсынбек Сая – Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 9-сынып оқушысы.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
Жарқынбек Бағыдат «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша 3 орынға ие болды және Қарағанды қаласындағы «Болашақ» академиясының «Журналистика» және «Қазақ филологиясы» грантын жеңіп алды. Назиев Алишер «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша, Тұрсынбек Сая «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша 3 орындарға ие болды. Барлық қатысушыларға сертификаты берілді.