«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі туралы қорытындысы

16.05.2025

Павлодар облысы Екібастұз қаласында 2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Ақмола облысынан 5 оқушы қатысты:

«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. «Бас болып өнер  білсең, тіпті  жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Құнанбай Жанерке - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

2. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» номинациясы бойынша Тилейхан Тогжан  - Аршалы  ауданы Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар»  номинациясы бойынша Амандыққызы Аружан  -Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

4. «Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Шәріп Айша   - Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп - лицейінің 10-сынып оқушысы.

Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!

Просмотров: 122


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу