Информатикадан XVІІ Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында)

08.09.2026

2025 жылғы 15-16 желтоқсанда Алматы қаласында информатикадан XVІІ Еуразиялық олимпиада (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасында)  өтті. Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты -  оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және еспетеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Ақмола облысының намысын Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 оқушысы: Мұғжан Дінмұхаммед – 10-сынып оқушысы, Шаймерден Нұрәлі – 10-сынып оқушысы, Қуанышбек Нұрислам – 11-сынып оқушысы, Абенов Чингиз – 11-сынып оқушысы, Молдияр Абай – 10-сынып оқушысы, Хамзин Алихан – 10-сынып оқушысы, Даминов Дильдар – 9-сынып оқушысы қорғайтын болды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:

Алтын медаль иегерлері:

— Қуанышбек Нұрислам - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

— Абенов Чингиз - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

— Мұғжан Дінмұхаммед - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

— Шаймерден Нұрәлі - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

— Молдияр Абай - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

— Хамзин Алихан - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

— Даминов Дильдар - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз

Просмотров: 21


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу