«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі бойынша қорытынды ақпарат

09.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 30-31 наурыз аралығында Көкшетау қаласында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізді.

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 «Мағжан оқулары» 4 номинация бойынша өткізілді:

I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»;

II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...»;

III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»;

IV номинация - «Бәрінен де сен сұлу».

Облыстық кезеңге 36 оқушы қатысты.

«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 18 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.

         «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

1. Дастан Айзере - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы – I орын;

2. Бекболат Нәзік - Аршалы ауданының, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – IІ орын;

3. Бейсенбай Зухра - Целиноград ауданы, Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы – IІ орын;

4. Аманбаева Зарина - Ақкөл ауданының, Саздыбұлақ ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы – IІІ орын;

5. Рамазан Жанерке - Қосшы қаласы, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – IІІ орын;

6. Карпыкова Айлина - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы – IІІ орын;

7. Жайлюбаева Аружан - Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – грамота.

«Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

1. Бейсембай Мадина  - Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – І орын;

2. Құнанбай Жанерке -  Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – ІІ орын;

3. Қанатов Бақдәулет - "IQanat high school of Burabay" мектебінің 11-сынып оқушысы – ІІ орын;

4. Бахытжан Наурызбай - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы – ІІІ орын;

5. Қали Нұрайым -  Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – ІІІ орын;

6. Алдаберген Бұлбұл - Целиноград ауданы, Қоянды мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – ІІІ орын;

7. Семенча Софья - Атбасар  ауданы, Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – грамота.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

1. Ахметжанова Аяулым  - Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – I орын;

2. Құланбаева Асылжай - "IQanat high school of Burabay" мектебінің 10-сынып оқушысы – IІ орын;

3. Сатылхан Абдулла - Бурабай ауданы, Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – IІІ орын;

4. Ақатай Ақниет - Қосшы қаласы,  № 3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы – грамота.

«Бәрінен де сен сұлу» - Мағжанның әндерін орындау шеберлігі бағаланады номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

1. Жусупов Таймас - Қосшы қаласы,  мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы – I орын;

2. Баймулдинова Зере - Жарқайың ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – IІ орын;

3. Маханова Аружан  - Степногорск қаласы,  Қ.Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің  10-сынып оқушысы – IІІ орын;

4. Еркен Шахрат - Сандықтау ауданы, Мадениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – грамота.

Мағжан оқулары байқауының I орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу