Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңін өткізу қорытындысы туралы ақпарат
23.10.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 16 қазанда Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңін өткізді.
Екінші (іріктеу) кезеңге 20 оқушы қатысты.
Екінші (іріктеу) кезеңнің қорытындысына сәйкес Ақмола облысынан ХІХ Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңіне 11 оқушы қатысады:
- Қанатбек Талғат – IQanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Бауыржан Санжар — IQanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Оразбаев Альтамир— Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Жанабай Дамир— Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Дорошенко Карина — Көкшетау қаласының Техникалық мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Құсаин Исмади — Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Кузнецов Даниил — Шортанды ауданы, Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Нұрмұхан Мансұр —Көкшетау қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Расул Дінмұхаммед—Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
- Сейлхан Диас— «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Векшин Денис—Степногорск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
Просмотров: 36