АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Ақмола облысы әкімінің дарынды балалармен кездесуі

02.06.2022

2022 жылғы 1 маусымда балалар жылын мерекелеу шеңберінде Зеренді ауданы Зеренді ауылының "Сұңқар" сауықтыру кешенінде Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаевтың дарынды балалармен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - балалардың білімге деген құштарлығы үшін, халықаралық және республикалық жарыстарда қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс айту, ауылдық және қалалық мектептерде олимпиадалық қозғалысты насихаттау және дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Іс - шараға халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалардың, ғылыми және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлығы 83 дарынды оқушы қатысты.

Қазақ-түрік лицейінің, қазіргі «Білім-инновация» лицей-интернатының табысты түлектері Кәкімбек Абай мен Әлібаев Сәбит құттықтау сөз сөйлеп, кездесуге қатысушыларға өздерінің кәсіби мансабындағы жетістіктері туралы айтып, құнды кеңестер берді.

Сондай-ақ, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ибодуллаев Руслан - информатика пәні бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегері; Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Қажмұқан Ерасыл - республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар республикалық байқауының бас жүлде иегері және Ерейментау ауданы Күншалған ауылының жалпы білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы Мақсұтбекқызы Шуақ - «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар республикалық байқауының күміс жүлдегері; Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Қайдаров Бауыржан және 9-сынып оқушысы Сейілбек Іңкар - FIRST Kazakhstan-2022 республикалық кезеңінің бірінші орын иегерлері Ақмола облысының әкімі және кездесуге қатысушылармен өздерінің жоспарлары мен жетістіктерінің құпияларымен бөлісті.

Облыс әкімі оқушыларға халықаралық, республикалық турнирлерде Ақмола жерін лайықты қорғап жүргендері үшін алғысын білдіріп, оларға табыс және өз жерінің патриоты болып қала беруін тіледі.

Кездесу барысында зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың алтын, күміс және қола медаль иегерлеріне - 9-11 сынып оқушыларына 50 000, 80 000 және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды.

2-8 сыныптардың жас және талантты жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Сұңқар» сауықтыру кешеніне жолдама берілді.

Ақмола облысының әр ауданы бойынша балалардың жазғы демалысына 1000 жолдама аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларына табысталды.

Облыс әкімі Е.Б. Маржықпаев «Білім-инновация» лицей-интернатына жаңа модификация кабинетін сатып алуға 10 миллион теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада қол жеткізген табысты нәтижелері үшін «Білім-инновация» лицей-интернаты «Қазақстанның 100 үздік мектебі» рейтингінде 30-орынға ие болды.

Ақмола облысының әкімі жаңа модификация кабинетін сатып алуға 5 миллион теңге сомасына ақшалай сертификатты Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясына тапсырды. Аталған Мектеп-гимназия 99-орынға ие болып, "Қазақстанның 100 үздік мектебі" қатарына енді. 

Құттықтау 2021-2022 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарды, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарды табыстаумен жалғасты.

31 мамыр және 1 маусым күндері «Сұңқар» сауықтыру кешенінде облыс әкімімен, дарынды оқушылармен кездесу барысында таза ауада түрлі ойын және психологиялық тренингтер, квест-марафондар, жүзу кешеніне бару сиякты түрлі іс-шаралар өткізілді. Мұндай шаралар оқушылардың бір бірімен танысып,  олардың бірыңғай Ақмола командасы болып бірігуіне көмектесті.

   

  

  

  

 

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст