АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

10.03.2023

2023 жылғы 9-10 наурыз 9-11 сынып оқушылары арасында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиадаға Ақмола облысының аудандарынан Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 46 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1. Дулат Альмира - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласының  білім бөлімі С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

2. Мурсатова Мадина - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Ақсу кентінің № 1 жалпы орта білім  беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;   

3. Болсынбек Шуақ - Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, № 2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1. Кенжебекқызы Аяулым - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

2. Мәжид Сынагүл  - Ақмола облысы білім бөлім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының Р.Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3. Жанарбек  Акерке - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

4. Макашева Наргиз - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

5. Каиржанова Айгерим - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

6. Әлкей Алуа - Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1.   Қайрат Мерей - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2. Асатова Жансая - Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының  Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

3. Ибраева Жансулу - Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Веселое ауылының Социалистік Еңбек Ері, Байдалы Уразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

4. Мекеш Күннұр - Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қажымұқан  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

5. Рашид Сұлтана - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

6. Мынбаева Нурай - Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

7. Бейсенова Аружан - Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды   ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталды Тилек Ахерке - Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Олимпиаданың облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!!! 

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст