АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Республика ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат қорытындысы

14.03.2024

2024 жылғы 26 ақпан - 1 наурыз аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

         Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

         Ғылыми жобаларды қорғау төрт бағыт, олардың ішіндегі келесі 16 секциялар бойынша жүзеге асырылды:

«Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым;

«Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу», секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика;

«Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау;

«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам.

Ақмола облысының намысын 22 жобамен 25 оқушы қорғады.

Байқаудың қорытындысы бойынша 7 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.

  І-дәрежелі дипломмен «Химия» секциясы бойынша Бейсенбай Бекзат  - Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы марапатталды.

II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.«Биология» секциясы бойынша Қабақбай  Томирис  - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

2. «Тіл білімі (орыс)» секциясы бойынша Сейсен Әлима - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

3. «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша Ким Камила  - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы.

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. «Тарих» секциясы бойынша Искаков Аңсар  -  Целиноград ауданы  Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

2. «Математика» секциясы бойынша Муратов Нуржан  - Атбасар ауданы Атбасар қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

3. «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша Каханская Яна - Көкшетау қаласы № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 10-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталды:

1. «Тіл білімі (ағылш)» секциясы бойынша Лапшина Александра - Көкшетау қаласы  №16 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2. «Экономика» секциясы бойынша Андреев  Руслан - Көкшетау қаласы № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 11-сынып оқушысы;

3.«Этномәдениеттану» секциясы бойынша Бағланқызы Сұңқар - Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

4. «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Щербак  Сергей - Атбасар ауданы Атбасар қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 932


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст